kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

Оқиғалар (семинарлар, конференциялар, байқаулар)

Конференцияның пленарлық отырысы қаламыздағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті.

♦ О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Заманының заңғар биігі» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

♦ Конференцияның пленарлық отырысы қаламыздағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті.

♦ Конференцияға Жаңаөзен қаласының әкімдігі, облыстық білім басқармасының басшылары, әлеуметтік серіктес мекеме басшылары, «Оразмағанбет» қорының мүшелері, ғалымның ағайын-туыстары, колледж оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

♦ Конференцияда Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Ү.Аймағамбетов, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д.Н.Жұмашова, Оразмағанбеттің өмір жолын, ғылыми еңбектерін зерттеп жүрген белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбай, аудармашы Тобыш Нияз, журналист Мұратбай Жетекбай, ардагер-ұстаз Б.С.Алипбаева баяндама жасады. Ардагер-ұстаз Балқаев Тұрмамбет, ақын Қаржаубай Рейімбайұлы жырдан шашу шашты.

♦ «Оразмағанбет» қоры атынан бабамыздың еңбегін зерттеп жүрген ел ағаларына, Қызылсудағы мешіт үйін қалпына келтіруге үлес қосып жүрген мекеме басшыларына, қонақтарға «Оразмағанбетке 140 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстады.

♦ Конференция барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары, колледж оқытушылары мен студенттері өнерлерін көрсетті.

♦ Конференция барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары, колледж оқытушылары мен студенттері өнерлерін көрсетті.

♦ «Заманының заңғар биігі» тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өскелең ұрпаққа берері мол, тағылымды шара болды.





25 қаңтар 2023

Кемеңгер ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының өмірі мен қызметі, ғылыми идеялары мен мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау

♦ 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Батыс Қазақстан өңірінің және...

25 қаңтар 2023

Конференцияның пленарлық отырысы қаламыздағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті.

♦ О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Заманының заңғар биігі»...


Маңғыстау индустриалды колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

© 2025. Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі