kzruen

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

Байланыс

+7(72934)7-58-73

Жаңаөзен қ., Көктем ш.а., 9А

QRcode
kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

Психологиялық қызмет

Қыз қылығымен көрікті (психологиялық тренинг)

Тақырыбы: Қыз қылығымен көрікті (психологиялық тренинг)

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Өту орны: №2 оқу ғимараты

Қатысушылар: 1,2 курс қыздары

Жүру барысы:

Психолог сөзі:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса боймен қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты тақырыпта өтеді.

«Менің мінезім»

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау. Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке төмендегі жануар, аң, құс аттарын жазып шығады. Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа, Жылан, Балық. Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4.Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:

1. Түйе - шыдамды

2. Жылқы - тектілік

3. Сиыр - өкпелегіш

4. Қой - жайдарлылық

5. Ешкі - ұйымдастырушылық

6. Ит - адалдық

7. Мысық - биөрісі басым адамдар

8. Тауық - шығармашыл

9. Қаз - тазалық

10. Аққу - сезімтал

11. Қарлығаш - бауырмал

12. Үйрек - ұқыптылық

13. Бұлбұл - әнді жақсы көретін

14. Арыстан - қайратты

15. Қасқыр - жігерлі

16. Түлкі - бейімделгіш

17. Маймыл - әртістік қабілеті бар

18. Қоян - елгезек

19. Тауешкі - талғамы жоғары

20. Тасбақа - мейірімді

21. Жылан - салқынқанды

22. Балық - еркіндікті қалайды

Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

Ой қозғау: Қазақ қызы қандай болу керек? Осыған байланысты бейнебаян ұсынамыз

«Күн шуағы» жаттығуы.

Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны білу және күн шуағына жазу

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

«Қадір – қасиет» жаттығуы

Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.

Мысалы: төзімді Салтанат, қайырымды Айгүл, ибалы Дина, сыпайы Динара.

«Оның есесіне мен...» жаттығуы.

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады.

Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .

- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .

- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .

- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .

- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .

- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .

- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .

- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .

- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .

- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .

- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .

- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .

- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .

- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .

- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .

- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .

«Адамгершілік ағашы» жаттығуы

Қатысушыларға қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.

«Дене мүшелер биі»

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық

1.   Саусақ биі

2.   Қолдар биі

3.   Бас биі

4.   Иықтар биі

5.   Ішімізбен билейміз

6.   Аяқтар биі

«Тілек айту»

Қыз балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингтік жаттығу қорытындыланды.

Қорытынды (психолог сөзі)

Бабаларым қыздарды қадірлеген, Қыз баладан басталар өмір терең Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып, Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым «қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.

 


Маңғыстау индустриалды колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Колледж басшысы

© 2025. Маңғыстау облысы білім басқармасының Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі